жұма, 25 сәуір, 2025 22:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада ер адам жасөспірімдерге шабуыл жасаған

Астанада ер адам жасөспірімдерге шабуыл жасаған
Ұлттық ұлан
Қолында ұзын темірі болған.

Оқиға  кешкі уақытта Есіл өзенінің жағалауындағы қонақ үйлердің бірінің жанында орын алған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz   turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Сол кезде әскери жасақтың бастығы қатардағы Абзал Ерғали, патрульдеушілер қатардағы Әлихан Аман және Тахир Жайық өздеріне жүктелген аумақта патрульдік қызмет атқарып жүрген.

Шамамен сағат 21:00-де жасөспірімдер ұландықтарға жүгінген. Олардың айтуынша, белгісіз ер адам оларды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытып, шабуыл жасауға әрекеттенген.

Әскери қызметшілер оқиға орнына жедел жетіп, шабуылдаушыны ұстады.

– Жасөспірімдердің қатты қорқып қалғанын және оларға көмек қажет екенін көрдік. Уақытымыз тығыз еді. Ер адам агрессивті әрекет жасап, өткір затпен қолын сермеп, қорқыту сөздер айтып жатты. Біз нұсқаулыққа сәйкес әрекет еттік: оның назарын басқа жаққа аударып, қаруын тартып алып, залалсыздандырдық, – деді қатардағы Абзал Ерғали.

Бұзақы ұсталып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар