
Бүгін Түркістан қаласының ауданаралық сотында Сауран аудандық полиция бөлімінде блогер Мұрат Әбділдәға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасын орындауға жолдау жөніндегі ұсынысы қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 23.08.2024 жылғы қаулысына сәйкес азамат М.Абдиллаевқа сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында үйінде болуға міндеттелген. Дегенмен азамат М.Абдиллаев сот жүктеген міндеттерді өз дәрежесінде орындамаған.
Атап айтқанда, учаскелік полиция қызметкері 17.03.2025ж. түнгі уақытта Мұрат Әбділдәнің тұрғылықты мекен-жайын тексеруге барған уақытта үйінде болмаған. Сот процессі барысында полиция бөлімінің жүйелі бұзушылықтар туралы дәлелдері расталды.
Айта кетейік, блогер Мұрат Әбділдә әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде отырып, былапыт сөйлегені үшін 2022 жылдың 31 наурызында Қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 бөлігімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. 2024 жылы 9 қыркүйек күні шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.