Павлодарда пойыз 4 жылқыны қағып кетті
Жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Жануарлардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға Жұмыскер-Көктөбе стансаларының аралығында болған. Жүк пойызының машинисі кенеттен шыға келген жылқыларды көріп, шұғыл түрде тоқтаған. Рельсті көлік төрт жылқыны қағып кеткен.
Көліктегі полиция департаменті жыл басынан еліміз бойынша пойыздардың шұғыл тоқтауына қатысты 464 факті тіркелгенін айтады. Сондай-ақ осы уақытқа дейін теміржолдар бойында үй жануарларымен соқтығысудың 369 оқиғасы болған.