Саясат

Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Биыл алғаш рет Ұлттық кітап күні мерекеленіп жатыр.

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, – деп жазды өз  TELEGRAM  арнасында.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.