Ауыр отадан кейін бүгін есін жиды: Берденовтың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр
Оның өміріне қазір ешқандай қауіп жоқ екенін айтты.
Руслан Берденов ауыр отадан кейін бүгін есін жиды. Оның қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы мәлімдеген дәрігерлер оның өміріне қазір ешқандай қауіп жоқ екенін айтып отыр.
“Оң жақ кеуде қуысына енген бытыралы оқ жарақаты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырғааралық артериялардың және көкеттің көптік зақымдануы. Оң жақ гемопневмоторакс. Іш қуысына өткен көптеген жарақаттар: бауырдың зақымдануы, ішкі қан кету, оң жақ бүйректің, иық пен білектің бытырадан зақымдануы, сыртқы қан кету. Плевропульмоналды және геморрагиялық шок жағдайы тіркелген”, – делінген дәрігерлер қойған диагнозда.
Бастапқыда оның жағдайы аса ауыр деп бағаланған болатын. Дәрігерлер жасаған ота 4 сағаттан астам уақытқа созылған.