Қоғам

Руслан Берденовті не үшін атқаны туралы ақпарат айтылды

Күдіктінің келіншегіне тиіскені туралы ақпарат – жалған

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовті кеше кешкі уақытта атып кеткені белгілі. Ол қазір ауруханада жатыр. Шымкент қаласы полиция департаментіне осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарауда. Оның күдіктінің келіншегіне тиіскені де айтылып жатыр. Бірақ полиция бұл ақпаратты растамады.