жұма, 25 сәуір, 2025 3:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды

Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды
Сурет: ҚР ҰҚК
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Биыл 21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полиция органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның мән-жайы нақтылануда», – делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған азамат ҰҚК-нің сыртқы барлау қызметінде жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған немесе биіктіктен құлап кеткен болуы мүмкін.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар