Әлеумет

Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдікті медиа cаласындағы танымалдығын пайдаланып, мектеп қызметкерлерін бопсалаған. «Жағымсыз ақпаратты жариялаймын» деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

– Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырамыз, - делінген ведомства ақпаратында.