Рим Папасы қайтыс болды
Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.
Рим Папасы Франциск ұзақ дерттен кейін қайтыс болды.
Рим-католик шіркеуінің басшысы Рим Папасы Франциск 88 жасында өмірден өтті.
«Рим Папасы Франциск Пасха дүйсенбісінде, 2025 жылы 21 сәуірде, Ватикандағы Casa Santa Marta резиденциясында 88 жасында қайтыс болды», - делінген ресми хабарламада.
Reuters агенттігінің мәліметінше, 12 жылдық қызметінде ол түрлі дерттерді басынан өткерді.