Руханият

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді

Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлде қоры –3 миллион теңге, деп хабарлайды Оimaqnews.kz

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қорғаныс министрінің қолдауымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасын өткізетінін хабарлайды. 
Мүшәйра мақсаты:
– Жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,
– Әскери-патриоттық рухты көтеру,
– Қазіргі Отан қорғаушыларын қолдау және олар жайлы поэзиялық туындылар қалыптастыру. 
Мүшәйраның номинациялары: 
1-номинация:
– Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең. 
2-номинация:
– Қазіргі Отан қорғаушыларына арналған, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б) өкілдерінің бейнесін сипаттайтын, ән мәтініне лайық 1 өлең.
– Бұл номинация бойынша үздік шығармаларға ән жазылып, Қарулы күштер шығармашылық ұжымдарының репертуарына енгізіледі (автормен келісім бойынша).
Қатысу шарттары:
– Мүшәйраға 50 жасқа дейінгі  ақындар
қатыса алады;
– Бұған дейін жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған туындылар ғана қабылданады;
– Өлең көлемі – 2 беттен аспауы тиіс (электронды нұсқада);
– Шығармаға қоса: автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі міндетті түрде қосылуы керек. 
Шығармалар қабылдау мерзімі:
2025 жылғы 30 мамырға дейін.
Электронды пошта: asker_mushaira@mail.kz
Қорытынды кеш:
2025 жылғы 10 маусым күні өтеді.
Жүлдегерлер ғана арнайы шақырылады.
Жол шығындары – қатысушылар тарапынан. 
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 000 000 ТЕҢГЕ!
Лайықты деген 10 ақынға – 300 000 теңгеден жүлде табысталады!