Әлеумет

"Салтанаттың өлім аузында жатқанын, не өліп кеткенін білмедім": Байжановтың соттағы жауабы

Сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді.

Қуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты өзіне тағылған айыпқа жауап берді. 

Сот отырысы тікелей эфирде көрсетілді.

"Мен видеоларды өшіруді сұрағанымды, Салтанаттың телефонын үйге апаруды өтінгенімді мойындаймын. Қылмыс жасадым ба, білмеймін. Сол кезде Салтанаттың өлім аузында жатқанын, не өліп кеткенін білмедім", – деді Бақытжан Байжанов сотта. 

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).