сенбі, 12 сәуір, 2025 22:26

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Соғыс ардагерлеріне бес миллион теңгеден берілді

Соғыс ардагерлеріне  бес миллион теңгеден берілді
фото: kazinform
Биыл Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі.

Астанада қазіргі уақытта тұрып жатқан Ұлы Отан соғысының 6 ардагеріне Жеңіс күнінің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден әлеуметтік төлем берілді.

Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге – ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген жандарға 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде қаржы қарастырылған.

Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауған соғысы ардагерлерінен басқа) – тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде болған әскерилерге 45 АЕК (176 940 теңге) беріледі.

"Ардагерлер туралы" Қазақстан заңында көзделген өзге де тұлғаларға – тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде төлем қарастырылған. Төлемдер сәуір айының соңына дейін беріледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар