"Елге көмек" қайырымдылық қоры басшысы ұмраға апарамын деп алдаған
- авторОймақ
- 11 сәуір, 2025
- 59

"Елге көмек" қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев халықты ұмраға апарамын деп алдап, 38 адамның ақшасын қайтармады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.
Бір топ адам Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция бөлімшесіне "Қазақ Робин Гуд" атымен танымал блогерге арыз түсірген.
Әлеуметтік желі арқылы жарнамалары жер жарған тур агенттігін танымал блогерлер де жарнамалаған. Зардап шеккен адамдардың сөзінше, "Мекке тревл" компаниясымен наурыз айында кеткен 60 адамда компанияға алданып, кері қайта алмай жатқан көрінеді.
Мен Шымкент қаласынан келдім, "Мекке тревл" деген компаниядан тур алған едік. 4 адамға билет алғандықтан 2 млн 300 мың теңгем кетті. Біз 7-і күні сапарға шығумыз керек еді. Бірақ ол күні ұшпады. Сосын 11-і ұшады деп бізді тағы алдады. Өздеріңіз көргендей, жол жұрмедік. Ілияс Сәриев деген жігіттің алаяқ екенін, қор ашып, адамдардан ақша алып, ешқандай ауру балаларға аудармағанын, ұмраға тур сатып, ешкімді апармағанын білдік. Кеше 38 адам Алмалы ауданының полиция бөлімшесіне арыз жаздық. Біз Ілиястан ақшамызды қайтаруды талап етеміз, - деді Шымкентен келген Гүлнұр Сүлейменқызы.
Жәбірленушілердің айтуынша, Мерей Жолшы, Нұрсултан Ахи және өзге блогерлер ұмраға жолдама сатып алуды жарнамалаған. Дегенмен, оларда осы қайырымдылық қорының басшысына алданып, ұмрадан қайта алмай жатқанын айтып ақталған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.