Әлеумет

Алматыда ер адамның денесі табылды

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 26 жастағы ер адамның денесі Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінен табылған. 

Әлеуметтік желіде марқұмның денесі «Өркен» ТК-ден табылғаны туралы айтылып жатыр. Ер адам өзін-өзі өлтірді деген  де болжам бар.

«Бұл факт бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 26 жастағы ер адамның өлімінің себебі мен мән-жайлары анықталып жатыр», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.