бейсенбі, 17 сәуір, 2025 6:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тағы деректер мәлім болды

Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тағы деректер мәлім болды
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Оimaqnews.kz Кaz.inform.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.


- Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр. Кең ауқымды сараптамалар жасалды. Бұл сараптамалардың белгілі бір нәтижелері бар. Біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу бұйрығын жібердік. Спутник арқылы сол маңда қандай автокөліктер тұрғанын анықтағымыз келеді, - деді Ғ.Қойгелдиев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осы істі тыңғылықты зерттеу үшін тағы уақыт керек.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресми мәліметке сәйкес, іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір сағат 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болғанын жазғанбыз. 

2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады. 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар