Қоғам

Ақтөбе әуежайын су басты

Ақтөбе әуежайынан әуекемелердің ұшып шығуы мен ұшып келуі уақытша шектелген

Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе әуежайын су басты. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстарын жүргізуге байланысты әуежай таңғы сағат 06:30-дан 17:00-ге дейін жабылады", - делінген әуежайдың Instagram парақшасында таратқан хабарламасында.

Рейстер кестесі туралы ақпаратты білу үшін әуежайдың немесе әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтеріне хабарласу керек.

Әуежайдың жабылуына байланысты бірқатар рейстер кешіктірілген.