Әзербайжанда тыныштық күні орнады
Ақпанның 7 сінде Әзербайжанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.
Әзербайжанда 7 ақпанға белгіленген президентті сайлау науқанының алдындағы тыныштық күні орнады. Бүгін президент болудан үміткерлер ешқандай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізбейді. Бұл туралы Trend сайты хабарлады.
Ақпарат құралының жазуына қарағанда Әзербайжан орталық сайлау комиссиясының «Кезектен тыс президент сайлауын өткізу бойынша ұйымдастырылатын іс-шаралар мен әрекеттердің күнтізбелік жоспарына» сәйкес үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу тоқтатылған.
Күнтізбелік жоспарда үгіт-насихат жұмыстары дауыс беруден 23 күн бұрын (2024 жылдың 15 қаңтарында) басталып, дауыс беру басталғанға 24 сағат қалғанда (2024 жылдың 6 ақпанында таңғы 8:00 де) аяқталуға тиіс. Осы ережеге сәйкес бүгін сайлауалды үгіт-насихат тоқтатылды.
Әзербайжандағы кезектен тыс президент сайлауына 7 үміткер қатысып жатыр.
Oimaqnews