Әлеумет

Тұман, көктайғақ, қар: бүгін ауа райы қандай болады?

4 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Синоптиктердің болжамынша қар аралас боран болады. Еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр аралас қар түседі.

ҚР бойынша тұман шөгіп, жел күшейеді. Батыс аймақтарда көктайғақ болады.