Саясат

Азамат Есқараев жаңа қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрынғы Әділет министрі Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы елшісі қызметіне тағайындалды.

Тиісті Жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.

Естеріңізге салайық, Азамат Есқараев екі жыл бойы Әділет министрлігін басқарған. Осы жылдың басында Есқараевтың орнына Әділет министрі болып Ерлан Сәрсембаев тағайындалды.