Қоғам

Ұшақта адамдарды ұрып, терроризм жайлы жалған ақпарат таратқан

Сот үкімі шықты.

Ұшақта адамдарды ұрып, терроризм жайлы жалған ақпарат таратқан қазақстандыққа сот үкімі шықты, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы Астанада өткен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқа сотталғанға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған. Оқиға “FlyArystan” әуе компаниясына тиесілі Астана – Өскемен бағытындағы ұшақта болған болатын.

“Т. атты азамат мас болып, бортсерік пен жолаушыны ұрып соққан. Күдіктіні рейстен түсіріп жатқанда ол терроризм туралы жалған ақпарат таратқан. Соттың үкімімен айыпталушы көрінеу жалған ақпарат тарату (Қылмыстық кодекстің 273-бабы) және бортта бұзақылық жасау (Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында.

Қазіргі таңда сот актісі заңды күшіне енген.