Әлеумет

Алматыда былтыр жоғалған ер адам табылды

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді

Алматыда былтыр қыркүйек айында жоғалып кеткен ер адам аман-есен табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді, деп хабарлады Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

1983 жылы туған Қожбанов Жігер Жалғасбекұлы 2024 жылы қыркүйектің ортасында жоғалып кеткен. Ер адам Әуезов ауданы, Жетісу-2 шағынауданы, 50-үйден шығып кеткен.

Еріктілердің айтуынша, жоғалып кеткен адамды 2025 жылғы 3 сәуірде Алматы облысының аумағынан полиция қызметкерлері тапқан. Бұл істің басқа егжей-тегжейі нақтыланбаған.