Қоғам

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы басталды.

Ашық режимде өтетін сот отырысы бүгін  16:00-ге белгіленді.

 

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасының құрамы таңдалған болатын.

"Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру);

110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (қинау).

Туысы Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).