Әлеумет

7 жасар қыздың аяғы жылу батареясына қысылып қалған

Оқиға Қызылорда қаласында болған.

Оқыс оқиға 6 сәуір күні Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Шақыру бойынша оқиға орнына барған құтқару жасағының қызметкерлері арнайы гидравликалық құралмен жылу батареясынан қыз баланың аяғын шығарып алды. Бала өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ", - делінген хабарламада.

Осы орайда құтқарушылар балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретіп, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.