сенбі, 19 сәуір, 2025 11:55

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жолдасбековті еске алды

Жолдасбековті еске алды
Фото: Oimaqnews.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик Өмірбек Жолдасбековтің құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Өмірбек Арысланұлының ұрпақтары мен замандастары, білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер қатысты.
Жиында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасының орынбасары Еркін Дүйсенов: «Еліміздің ардақты тұлғасы Өмірбек Арысланұлы саналы ғұмырын білім мен ғылымды дамытуға арнады. Қайраткер ғалым 1970-86 жылдары университет ректоры қызметін атқарды. Білім ордасын басқарған тұста академик ҚазҰУқалашығының негізін қалап, жоғары оқу орнын жаңа деңгейге көтерді. Ғалымның басшылығымен университетте  жаңа зертханалар, кафедралар, ғылыми орталықтар құрылды. Өмірбек Арысланұлының ашқан ғылыми жаңалықтары, ізденіске толы еңбектері Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылыми ортада да кеңінен мойындалды. Қажырлы да табанды еңбегінің арқасында механик-ғалымдардың тұтас бір шоғырын тәрбиелеп шығарды», – деді.

Рәсімге жиналғандар көрнекті тұлғаның Қазақстандағы инженерлік ғылымды дамытуға, жоғары білім жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесіне тоқталып,  ғалымның шәкірттері бүгінде еліміздің әртүрлі саласында қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

Гүл қою рәсімі Өмірбек Жолдасбековтің рухына тағзым етіп, еңбегін дәріптеу және келер ұрпаққа ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қарагөз Серікқызы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң баспагерлік, редакторлық

және дизайнерлік

өнер кафедрасының оқытушысы

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар