Әлеумет

Қостанай облысында тұтас ауыл суға кетті

Қостанай облысында Амангелді ауылы тұтастай суға кетті.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, төтенше жағдай қызметі барынша күшейтілген режимде жұмыс істегенімен су тасқынынан елді мекенді құтқару мүмкін болмай отыр.

Су тасқынының алғашқы толқыны 25 наурызда басталған. Ал 27 наурызда Амангелді ауылы түгелдей су астында қалған.

Өңірдің ТЖД мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың күштері, құралдарымен бірге Жангелді және Амангелді аудандарында, Арқалық және Жітіқара қалаларында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 21 мың текше метрден аса еріген су сорылған, оның ішінде Арқалықтан 6848 текше метр, Амангелді ауданынан 4210 текше метр, Жангелді ауданы 10101 текше метр. 5 метр жағалауға құм толтырылған 140 қап төселген.

Күштер мен құралдардан барлығы 642 адам, 272 техника, 75 мотопомпа тартылған.