
Мьянмадағы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 065 адамға жетті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Жараланғандардың саны 4 мыңға жуық. Тағы 270 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Елдегі әскери үкімет бір апта қаралы күн жариялады.
Таиланд астанасындағы құрбандар саны – 19. Жоғалғандар тізімінде 78 адам бар. 2 елде де іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
«Мьянма мен Таиланд Үнді тақтасының үстінде орналасқан, ал бұл плита 100 миллион жыл бойы солтүстікке қарай жылжып келеді», – деп түсіндіреді мамандар жер сілкінісін.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Мьянмадағы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Бангкокта ғимараттар қирап қалды
- авторОймақ
- 28 наурыз, 2025