сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 3:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Инклюзивті спорт орталығының іргетасы қаланды

Инклюзивті спорт орталығының іргетасы қаланды
фото сенат
Астана қаласында Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды.

 

Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Мәулен Әшімбаев елордада аталған спорт орталығын салу әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам қалыптастыруға және мүгедектігі бар азаматтарға тең мүмкіндіктер беретін жағдай жасауға үлкен көңіл бөліп келеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір азаматтың дамуына және өз әлеуетін жүзеге асыруына жағдай жасалған әділетті қоғам құрудың маңызды екенін үнемі айтып келеді. Жаңа Инклюзивті спорт орталығы мүгедектігі бар спортшылардың алаңсыз жаттығу жасауына, халықаралық жарыстарға дайындалуына және жаңа биіктерді бағындыруына жол ашатын орынға айналады деп сенеміз. Мұнда бочча, баскетбол, арбамен ойнайтын футбол, голбол, отырып ойнайтын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады. Бұл қадам спортшыларымызға халықаралық жарыстарға жоғары деңгейде дайындалуға мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы мұндай орталықты салу тек спорттағы жетістіктерге ғана ықпал етіп қоймай, әр азаматтың өмірден өз орнын табуына, көппен араласып, қарым-қатынас жасауына және бір-бірін қолдауға берілетін зор мүмкіндік екенін айтты. Мұның бәрі – мүгедектігі бар балаларды үлкен өмірге бейімдеудің және қоғамда дұрыс құндылықтар жүйесін дәріптеудің тиімді тетігі.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев жобаны іске асыруға ұйытқы болған Астана қаласының әкімдігіне және инклюзивті спортты дамытуға, параспортшыларға жағдай жасауға атсалысып жүрген белсенді азаматтарға алғыс білдірді.

Салтанатты рәсімге Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, параспорт федерацияларының басшылары мен мүшелері және тағы басқа мүдделі тараптар қатысты.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар