Алаяқтық жасады деген қазақстандық азамат Ресейден экстрадицияланды
- авторОймақ
- 31 наурыз, 2025
- 66

ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін қазақстандық азамат экстрадицияланды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бизнес субъектісінен 50 млн теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қазан айында күдікті Ресей Федерациясының Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Тағылған айып бойынша оған мүлкін тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
"Нұрикамал": махаббат театрда салтанат құрды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа адамдар шұғыл араласуды талап етеді: Астанада қоқыс заңсыз төгілуде
- авторОймақ
- 1 сәуір, 2025