дүйсенбі, 31 наурыз, 2025 12:53

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мьянмадағы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Бангкокта ғимараттар қирап қалды

Мьянмадағы 7,7 балдық жер сілкінісінен кейін Бангкокта ғимараттар қирап қалды
Фото: REUTERS/Ann Wang
Оңтүстік-Шығыс Азияда екі күшті жер сілкінісі болды. Соның салдарынан Бангкокта салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Мьянмада тіркелді. Қазір адамдар эвакуацияланып жатыр.

"Эпицентр Мандалай қаласынан 33 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл қалада 1,2 миллионнан астам адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды. Күшті жер сілкінісінен бірнеше минут өткен соң 6,4 магнитудалы афтершок тіркелді", – делінген Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының сайтында.

Әлеуметтік желіде кран орнатылған биік ғимараттың құлап, үлкен шаң бұлты көтерілгені, ал адамдардың айқайлап, жан-жаққа қаша бастағаны көрсетілген видеолар тарады.

Бангкоктағы биік ғимараттардың төбесіндегі бассейндерден жер сілкінісінің салдарынан су ағып, көптеген ғимараттың қасбеттерінен сынықтар құлаған.

Қазір құрбандар саны туралы нақты ақпарат жоқ. Жер сілкінісі кезінде барлық ғимаратта эвакуация дабылы қосылып, адамдарды сыртқа шығуға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін 28 наурызға қараған түні қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі республика аумағында Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің есептік қарқыны: Меркі ауылы – 5 балл, Құлан ауылы – 4 балл, Шу қаласы, Тараз қаласы, Төле би ауылы, Сарыкемер ауылы, Қордай ауылы, Аса ауылы, Мойынқұм ауылы – 2 балл. Бұдан бөлек, 28 наурызда Астана уақытымен 06:17-де Қырғызстан аумағында 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар