Құлсары емханасында әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құлсары емханасында әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Полицейлер Құлсары емханасында әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Қылмыс 27 наурызда Жылыой ауданында болған. "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу басталды. 33 жастағы күдікті қылмыстың ізі суымай бірден ұсталып, қамауға алынды", – делінген полиция хабарламасында.
Куәгерлердің ақпаратына сәйкес, күдікті әйелдің бұрынғы жұбайы. Қылмыс дәрігердің жұмыс кабинетінде болған. Емхана қызметкерлері айқайлап жүгіргенімен, бірақ әйелді құтқарып қала алмаған.