Шайдаров үздік үштікте тұр
Бостонда әлем чемпионаты өтіп жатыр.
АҚШ-та ерлер арасында қысқа бағдарлама бойынша мәнерлеп сырғанаудан бәсекелер басталды. Бұл сынға еліміздің атынан Михаил Шайдоров қатыcып жатыр. Ол өте сәтті өнер көрсетіп, жалпы тізімде үшінші орынға жайғасты.
Михаил жарыста 94.77 ұпай алды. Бұл отандық спорт тарихында қысқа бағдарлама бойынша әлем чемпионатындағы ең жоғары көрсеткіш саналады.
Бұған дейін 2013 жылы Денис Тен дәл осындай қысқа бағдарламада 91.56 ұпай алған еді. Сонымен, Михаил жалпы тізімде үшінші тұр. Екінші орында жапониялық Юма Кагияма болса, топ басында америкалық Илья Малинин.