сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 0:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Наурыз Көрісуден басталады

Наурыз Көрісуден басталады
Елордада маңғыстаулықтар көрісу күнін атап өтті.

14 наурыз күні Елордадағы Маңғыстаулықтар Көрісу күнін атап өтті.
Кейінгі жылдары Наурыз мерекесінің аясы кеңіп, апталаа тойлайтын деңгейге жетті. Жалпы атауы «Наурызнама» болып 10 күндігі бекітілді.
Оның ішінде:
14 наурыз - Амал дәстүрі
15 наурыз - Қайырымдылық
16 наурыз - Мәдениет пен ұлттық салт дәстүр күні
17 наурыз - Шаңырақ күні
18 наурыз - Ұлттық киім күні
19 наурыз - Жаңару күні
20 наурыз - Ұлттық спорт күні
21 наурыз - Ынтымақ күні
22 наурыз - Жыл басы
23 наурыз - Тазару күні

Міне, осылай ұлттық салт дәстүрді жаңарту үрдісі пайда болды. Жоқты - іздеп, жоғалғанды - түгендеу үшін пайдасы зор болмақ.
14 наурыз Амал - көрісу мейрамын Маңғыстаудағы ағайын ерекше тойлайды. Түбектің ең биік нүктесі - Отпан таудағы Бекшоқыда “Бірлік оты” жағылады. Жаугершілік заманда жау шапса алыстағы жұртқа белгі болсын деп “Ұран” отын жағатын жер болған дейді көнекөз қариялар.
Астанадағы Көрісу күнін 10 жылдан бері тойланып келеді. Қыз-келіншек жағы тақия мен ою-өрнегі юар камзол-кажекей кисе, үлкендер жағы - ақ жаулық салып, шапанмен жүрді. Ақ тілек ақтарылып, елдің амандығы үшін, ынтымақ пен береке үшін бата беріліп, жыр-терме айтылды. 
Көрісу күнін ұйымдастырушы - жеке кәсіпкер Дәулетбай Шағыров.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар