
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметіхабарлағандай, бұған дейін Сыр өңіріне аталмышмемлекеттерден инвестиция тарту мақсатында кәсіпкерлерарасында кездесулер өткен болатын. Арадағы экономикалықбайланыстарды нығайту мақсатында өткізілген әріптестіккездесулер барысында екі жақтың мәдени іс-шара жоспарыбекітілген. Соның негізінде бұл жолғы өнер сапары облысәкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен, ҚазақстанныңФинляндиядағы, Эстониядағы және Испаниядағыелшіліктері ұйымдастырылып отыр.
Қызылорда облысының Еуропа мемлекеттеріндегі өнеркүндерінің алғашқы концерті «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен Финляндияның Хельсинки қаласында шымылдығын түрді.
Іс-шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі АзаматӘбдраимов ашып, мерекелік кешке қолдау білдірген аймақбасшысы Нұрлыбек Машбекұлына арнайы алғысынжеткізді. Концертті Еуропаның 10 мемлекетіндегі елшілер, дипломаттар, Финляндияда тұратын қазақ диаспорасы, білім алушы студенттер мен фин халқы, барлығы 500-ге жуық көрермен тамашалады.
Наурыз мерекесіне негізделген концерттің шымылдығы«Жарапазан» жырымен түрілді. Бұл күні Еуропалықкөрерменге қазақтың өнерінен шашу шашылып, «Тойбастар» шырқалды. Наурыз-думанға қатысқан қалатұрғындары мен қонақтары, диаспора мүшелері, қазақстандық және шетелдік студенттер ұлттық музыкаменжәне Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен тереңіректанысуға мүмкіндік алды.
Мерекелік кеште ұлттық өнердің жауһарларын төрткүлдүниеге танытып жүрген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі(жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Сыр елінің өнермайталмандары Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, СамалБайсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, айтыскер-ақын Мұхтар Ниязов, халықаралық жәнереспубликалық конкурстардың лауреаттары БағдәулетҚарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш өнер көрсетті.
Гастрольдік сапар аясында көрерменге концерттікбағдарламалармен қатар, қазақтың ұлттық тағамдары мен ұлттық нақышта жасалған сый-сияпаты ұсынылды. Жұртшылық таным мен тағылымға бай кеш сыйлағаныүшін сырбойылық өнерпаздарға алғыс білдірді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.