Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
- авторОймақ
- 21 наурыз, 2025
- 50

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
– Америка Құрама Штаттарының атынан Сізді және барша Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бұл – ынтымақ пен жаңарудың мерекесі. Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.
Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды, – деп жазған Дональд Трамп өзінің құттықтау жеделхатында.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.