Суда "қалқыған" әкімдік: қала әкімі сөгіс алды
Су тасқынына қарсы жедел штаб отырысы өтті
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған жедел штаб отырысын өткізді. Жиында қала әкімі Миржан Сатқанов сөгіс алды. «Сіз су тасқынына дайын болмадыңыз. Тіпті әкімдік ғимараты да суға батып кеткен. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы аралап жүрмін... Кейбір ықшамаудандарда мен келгенімде жұмыс енді басталып жатыр екен. Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Тәулік бойы жағдайды бақылаңыз», — деді Нариман Төреғалиев.
Өңірлік жедел штаб отырысында қала және аудан әкімдері көктемгі су тасқынына қатысты іс-әрекеттері туралы есеп берді.