Әлеумет

Қаржаубай Нұрымов адвокаттардан неге бас тартқанын айтты

"Кіммен жұмыс істейтінім өз қалауым ғой".

Қаржаубай Нұрымов Qaz365.kz тілшісіне жауап беріп, неге адвокаттардан бас тартқанын айтты.

Талғарда бір топ жігіттің қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелді ұсынған адвокаттардан неге бас тартқаны турасында қысқаша түсініктеме берді.

Айтбек Амангелдіге Қаржаубай Нұрымов жазып, адвокаттарынан бас тартатынын хабардар еткен. Бұл ақпарат кеше тарады. 

Еске салсақ, жақында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Талғарда кісі қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша материалдар алдағы күндері сотқа жіберілетінін айтқан еді.