Қоғам

Бекетаевтың ісі сотқа түсті

Қылмыстық іс 3 наурызда жолданған.

Экс-министр Марат Бекетаевтың ісі сотқа түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс 3 наурызда сотқа жолданған.

- Агенттік бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа және басқа да тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі көлемде қаржы жымқыру және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, деді Антикор.

Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетекшілік еткені бар.