Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдімен байланысты үзді
Шерзаттың ісімен Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов айналысады
Бүгін желіде марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов «адвокаттардан бас тартып жатыр» деген ақпарат тараған еді. Осыған қатысты журналист Жан Ахмади жағдайды түсіндіріп берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қаржаубай Нұрымов тек Айтбек Амангелдімен жұмыс істегісі келмеген.
Оның айтуынша, енді Шерзаттың ісімен Мейірман Шекеев пен Жандос Палманов айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін адвокат Саида Тәуекел мен қоғам белсендісі Айтбек Амангелді Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартатынын хабардар етті деген болатын.