сейсенбі, 18 наурыз, 2025 22:01

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы болып тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалдыү 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта. 

Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы 1970 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті. (1992 ж.).  Мамандығы – Механика.

Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2013 ж.), экономика магистрі.

Назарбаев Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2015 ж.), Басқарушы кадрлар үшін іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Стэнфорд Университеті, Жоғары бизнес мектебі (2016 ж.), Басқарушы кадрлар бағдарламасы.

Еңбек жолы:

1992 – 1997 жж. - «ТаССаТ» ЖШС директоры.

1997 – 2001 жж. - «Қазтрансойл» ЖАҚ Жобаларды басқару департаментінің бастығы.

2001 – 2006 жж. - «KEGOC» АҚ бірінші вице-президенті.

2006 – 2007 жж. - «Самұрық» АҚ электр энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры.

2007 ж. - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі.

2007 – 2011 жж. - «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы.

2011 – 2012 жж. - «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры.

2012 – 2018 жж. - «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

2018 ж. - «KAZENERGY» ЗТБ төрағасының орынбасары.

2018 – 2021 жж. - «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры.

2021 – 2023 жж. - АҚ «Самұрық-Қазына» басқармасының төрағасы. 

2023 жылғы  4 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалып, қазірге дейін осы қызметті атқарып келді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар