Ақтөбе облысындағы Ембі арқылы өтетін көпір су тасқынына байланысты жабылды
Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазір су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.