Қоғам

Фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады – Бектенов

Жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек.

Премьер-министр Олжас Бектенов фильмдердің сапасына баса назар аудару керек екенін айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кассалық табысы ең жоғары 10 фильмнің арасында әрбір екінші таспа отандық өндірістің туындысы болды. Шетелдік және отандық картиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығушылығының артып келе жатқанын білдіреді. Сондықтан да құрылтайда Мемлекет басшысы түсіріліп жатқан фильмдер мен сериалдарға ерекше мән беруді тапсырды. Жобалардың санын көбейтіп, тек пайда түсіруді ғана мақсат етпей, фильмдердің сапасына баса назар аудару керек", – деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, жақсы кино түсіру үшін көп қаражат керек.

"Мұндай қаражатты прокаттан түсіруге болады. Бірақ қазіргі уақытта фильмнен түсетін пайданың көбі кинотеатр иелерінде қалады. Сондықтан кино түсірушілер мен оны прокатқа шығарушылардың мүдделерінің тепе-теңдігін бекіту маңызды. Ол үшін түскен ақшаның ашықтығын және авторлық құқықтың сақталуын қамтамасыз ететін "е-кино" платформасын жедел іске қосу керек", - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанда 68 кинотеатр кассалық түсімін жасырмай отырғанын жазғанбыз.