"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады
Жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі.
"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарда ғана циклон ойысының әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.
Сондай-ақ Қазақстан аумағының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
– Солтүстікте түнде ауа температурасы -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +16°С-қа дейін жылынады. Орталықта түнде -3°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +5°С-тан +20°С-қа дейін көтеріледі. Шығыста түнде -7°С-тан +5°С-қа дейін, күндіз +3°С-тан +16°С-қа дейін болады. Батыста түнде -5°С-тан +5°С-қа дейін төмендеп, күндіз +5°С-тан +18°С-қа дейін жылынады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде +5°С-тан +13°С-қа дейін, ал күндіз +22°С-тан +30°С-қа дейін көтеріледі, – деп мәлімдеді "Қазгидромет".