дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 23:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Махаббатым сен...» драмасының премьерасы болады

"Махаббатым сен...» драмасының премьерасы болады
фото: ашық дереккөз
Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін поэтикалық туынды.

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры наурыз айының 20-21 күндері сағат 19.00-де «Махаббатым сен...» драмасының премьерасын ұсынады.

Авторы – Жәнібек Әлікен. Қоюшы режиссері – Бәзіл Сұлтанғазы. Қоюшы суретші – Ерлан Тұяқов. Композитор – Сұлтан Тұрсынбеков. Редактор – Мирас Әбіл. Хореограф – Карина Жиренбаева. Киім суретшісі – Ақбота Қапсалаң. Жарық қою бойынша суретші – Азамат Бекбембетов. Қойылым  Theatre Avenue бэндінің сүйемелдеуімен өтеді.

«Махаббатым сен...» – махаббат пен шығармашылықтың, өнер адамының жан күйзелісі мен тағдыр тартысының драмалық көрінісі. Шығармашылық пен тұрмыстың, махаббат пен өкініштің, үміт пен сарыуайымның астасқан әлемінде көрермен өнердің құдіретін, оның адам жанын қалай өзгертіп, қандай биіктерге жетелейтінін, кейде қандай құрбандықты талап ететінін сезінеді.

Бұл қойылым бір ғана әннің емес, өнердің мәңгілік екенін дәлелдейтін поэтикалық туынды.

Спектакльде басты рөлдерді екі құрамда ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Бекарыс Шалқар, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Олжас Дәлелхан, Айнұр Жетпісбаева, Инабат Әбенова, Сағыныш Нұрхайдарова, Саида Сағынова, ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ақмарал Танабаева, Гауһар Исмаилқызы, Руслан Алишев, Әнуар Бектас, Біржан Жүнісов, Қайыржан Садықов және көпшілік сахнада театр жастары өнер көрсетеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар