Әлеумет

Сарыағаштағы медресе-колледжін мемлекет есебінен қаржыландырылып келген

Бұл мәліметті Түркістан облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

Сарыағаш медресе-колледжі мемлекет есебінен қаржыландырылып келеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Бұл мәліметті Түркістан облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі растады.

Бұл оқу орнында Исламтану, Имам-хатиб, Ұстаз мамандықтары бойынша шәкірттер білім алуда. 

– Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, діни сеніміне қарамастан, білім беру ұйымдары мемлекеттік қолдауға, оның ішінде гранттарға үміткер бола алады. Осыған орай, 2018-2024 жылдар аралығында Сарыағаш медресе-колледжіне республикалық бюджеттен 1,6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жалпы, 2018-2025 жылдары оқу орнына 900 грант бөлінген, – делінген Басқарма хабарламасында.

Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде аталған оқу орнына мемлекеттен жыл сайын 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінетіні туралы ақпарат тараған болатын.