Қоғам

«Абай. Алаш. Асыл дін» атты байқау жарияланды

Байқауға шығармалар 15 тамызға дейін қабылданады.

«Абай. Алаш. Асыл дін» атты байқауға шығармалар қабылдау жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Мүфтият сайтында жарияланған мәліметке  сәйкес, байқаудың мақсаты Абайдың асыл сөзі мен мол мұрасын, сондай-ақ Алаш қайраткерлерінің сара жолы мен ерен еңбегін газет-журнал оқырмандарына дәріптеу.

Байқау шарттары:

* Байқауға Абай өмірі мен шығармашылығына, Алаш қайраткерлерінің өнегелі жолына, сонымен қатар дін қызметкерлерінің игі істеріне арналған барлық жанрдағы (эссе, мақала, естелік, зерттеу, сұхбат т.б) шығармалар қабылданады.

* Шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде жолдануы қажет. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен жазылуы және 5 беттен аспауы тиіс.

* Бір қатысушы бір ғана материал жібере алады. Шығармалар қазақ тілінде қабылданады. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

* Бәйгеге қатысушылар жұмыстарына толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәлімет қосып, iman@muftyat.kz электронды поштасына жолдауы қажет.

Байқау талаптары:

* Шығармашылық жұмыстар «Абай. Алаш. Асыл дін» шығармашылық байқауына» деген белгімен қабылданады.

* Жұмыстарды қабылдау 2025 жылғы 15 қаңтарында басталып, 2025 жылғы 15 тамыз күні (сағат 18.00-де) аяқталады.

* Тақырыпқа мүлдем қатысы жоқ, елімізді, тілімізді, дінімізді мансұқтайтын материалдар қабылданбайды.

* Шығармалардың мазмұнды, көркем, сапалы объективті, креативті және өзекті болуына аса мән беріле

Байқау барысы:

* Байқау жеңімпаздарын кәсіби журналистерден және дін мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

* Жеңімпаздар 2025 жылғы тамыз айында (нақтырақ уақыты қосымша хабарланады) анықталады.

Жүлде қоры:

Бірінші орын – Ұмра қажылығына жолдама.

Екінші орын – 300 мың теңге.

Үшінші орын – 200 мың теңге.

Бұдан бөлек 5 адамға ақшалай ынталандыру (100 мың теңгеден) сыйлығы беріледі.

Ұйымдастырушы: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мұнара» газеті мен «Иман» журналы.