сенбі, 15 наурыз, 2025 1:08

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Арнайы көрісу – халқымыздың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі

Мәулен ӘШІМБАЕВ: Арнайы көрісу – халқымыздың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ Амал мерекесіне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде құттықтау жазды.

 

  Онда былай делінген:

Құрметті достар!

Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал – Әз-Наурыздың басы. Бұл күні ағайын-туыстың амандығын біліп, арнайы көрісу – халқымыздың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі.

Қазіргі таңда осы бірегей құндылығымыз қайта жаңғырып, айтулы дата жалпыұлттық мейрамға айналды деуге толық негіз бар.

Соңғы жылдарда Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мейрамының мазмұнын байытуға баса мән беріліп келеді. Соның аясында жарияланған «Наурызнама» онкүндігі дәл осы Амалдан бастау алады.

Сондықтан бүгінгі мерекені жаңару мен жаңғырудың жаршысы және бірлік пен берекенің негізі деп қабылдаймыз.

Баршаңызды құттықтай отырып, әр отбасына амандық тілеймін! Еліміздің ырысы еселеніп, ынтымағы нығая берсін!

Амал құтты болсын, ағайын!

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар