Кәсіпкерлерге қиындық туғызбау үшін не істеу керек, дегенді күн тәртібіне шығару керек – Қошмамбетов
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов салық режиміне қатысты пікірін білдірді.
Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов оңайлатылған салық режиміне қатысты пікірін ортаға салды.
“Қазақстанда 2 миллионға жуық кәсіпкер оңайлатылған салық режимінде жұмыс істейді. Бірақ Үкімет салық режимдерін біріктіріп, тек 40 қызмет түрін ғана қалдырмақ. Бұл жаңа салық кодексінде болатын норма”, – дейді мәжілісмен.
Оның айтуынша қалғандары не жалпыға бірдей салыққа өтеді, не бизнесті жауып тынады.
“Ал 1,7 млн кәсіпкер қосымша шығынға батады, деп ойлаймын. Салықтық ауыртпалықты есептеу үшін бәрі есепші жалдауға міндетті болады, тіпті саудадан түсетін айналым 15 млн теңгеден аз болса да осындай машақат күтіп тұр. Бұл әділетті ме, білмеймін. Кәсіпкерлерге қиындық туғызбау үшін не істеу керек, дегенді күн тәртібіне шығару керек. Respublica партиясымен бірге бұл өзгерістерді таоқылау керек, – деді Айтуар Қошмамбетов.