сәрсенбі, 12 наурыз, 2025 18:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жасөспірім қызды аяусыз соққыға жыққан қыздардың есімі белгілі болды

Жасөспірім қызды аяусыз соққыға жыққан қыздардың есімі белгілі болды
Фото: shutterstock
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматыда бір топ жасөспірім қыз баланы аяусыз соққыға жығып, оның жеке заттарын тартып алғаны жайлы Qaz365.kz редакциясына жәбірленушінің анасы хабарласқан екен. Қазір  аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әуезов аудандық полиция басқармасы тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 15 пен 17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған төрт қыздың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта күдіктілердің ата-аналарының қатысуымен тергеу амалдары жүргізілуде. Олар тіркеуге алынды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қылмыстық іс бойынша әрбір күдіктіге қатысты материалдар Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралатын болады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар