Экономика

Жалақы мен зейнетақы, жәрдемақы өсті

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бүгін Мәжіліс отырысында мәлімдеді.

 

Көшербаевтың айтуынша, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемені уақытылы және толық орындап отыр. Осы мақсатта зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстелді.

Жалақы өсімі:
• Әскерилер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы – 40%-ға,
• Мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 20%-ға,
• Мемлекеттік балық шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы – 80%-ға,
• Техникалық персонал, орманшылар, іс жүргізушілер және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы – 70%-ға дейін артты.

Сонымен қатар, зиянды өндірісте еңбек ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау:
Биыл 5 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығымен беру жоспарланған.

Ауылдық жерлердегі жұмыс орындары:
2024 жылы 970 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 400 мыңнан астамы – жастар. Бұл бағытта "Ауыл аманаты" және "Ауыл – ел бесігі" жобалары іске асырылып жатыр.

Республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жартысынан астамы – 18 трлн теңгеден астам қаржы – әлеуметтік салаға бағытталған. Қазіргі уақытта әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау күшейтілуде. Бұл процестерге цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр, – деді Ермек Көшербаев.