Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды
Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген ресми құжатта.
Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.